«Табиғатқа дос бол” экологиялық жобасын іске асыру аясында “Балдырған” орта тобының бүлдіршіндері терезе алдында шағын бау-бақша отырғызды. Жастайынан балаларды еңбекке баулып, айналасындағы тірі табиғатқа қамқорлықпен қарауға деген сезімдерін арттыру мақсатында балабақшамызда терезе алдында шағын бау-бақшамыз пайда болды. Балалар қызығушылықпен жұмысқа қарады. Бау-бақшаны отырғызу барысында балалардың жұмысқа деген икемділіктері мен ептіліктерін байқадық.