Skip to content

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру аясында “Ұлттық ойын – ұлт қазынасы” бағыты бойынша…

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру аясында “Ұлттық ойын – ұлт қазынасы” бағыты бойынша “Айгөлек” тобының тәрбиешілері серуендеу кезінде дене тәрбиесі нұсқаушысымен бірлесіп балаларға арналған ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырды. Педагогтер балаларға ұлттық ойындар қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен тығыз байланысты және көбінесе жарыс сипатында болатындығын айтты. Спорт алаңында жарыстар өтті. Ойындар қызықты және көңілді болды. Оқушылардың бойында көптеген жағымды эмоция мен әсер қалды. Қазақтың қимыл-қозғалыс ойындары балаларды ұлттық дәстүрлерге үйретеді, сондай-ақ физикалық жағынан дамытады, жылдамдыққа, ептілік пен тапқырлыққа ынталандырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *