Skip to content

Балабақшадағы балалардың сүйікті ісі дене шынықтыру

Балабақшадағы балалардың сүйікті ісі дене шынықтыру. Аурулардың алдын алудың, дененің қорғанысын күшейтудің, физикалық белсенділікті арттырудың ең тиімді құралдарының бірі. Дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу арқылы бала аз ауырады, өзін жайдарлы, көңілді сезінеді.

Дене шынықтыру сабағында жалпақ табан мен нашар дене қалпын алдын алуға, тыныс алу мүшелерін дамытуға көп көңіл бөлінеді.

Дене шынықтыру сабақтары әртүрлі бағытта болады: оқу, ойын, жаттығу, тақырыптық, кіріктірілген. Бұл балалардың дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларына тұрақты қызығушылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған