Skip to content

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Байқаудың басталу күні: 2023 жылғы 5 желтоқсан

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 12 бөбекжайы» КМҚК: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Дружба кенті, Молодежная көшесі, 14, тәрбиешінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Декреттік демалыс уақытына мектепке дейінгі тәрбие және оқыту тәрбиешісі (қазақ тілінде оқытатын топқа 1 бірлік)

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білім;

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін;

Психология және педагогика, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік – құқықтық құжаттар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);

4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына және санатына байланысты (144396-205883 тнг) штат кестесіне сәйкес.

Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере  алады (біліктілігін арттыру туралы, аттестаттаудан өту туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ресми сайтта https://sad12.edu.kz/. конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиіс

Анықтама телефоны: 25-88-15; 87023898581

Электрондық пошта: sad12@kst-goo.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған